Қоғам

Біржан-Номад ММА чемпионы

Біржан-Номад ММА чемпионы

Аягөздік Біржан Нұрахмет Номад ММА жүйесі бойынша Қазақстан жастары арасында өткен республикалық чемпионатта 56 келі салмақта чемпион атанды. Ол Семейде болған дүбірлі додада топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Біржан Нұрахмет мамандардың пікірі бойынша болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. Оның Аягөз қаласындағы алғашқы бапкерлері Ерғазы Татенов пен Мейрам Мұсабаев секілді белгілі тұлғалар еді. Республика чемпионын қазір атағы шыққан спортшы Телжан Қабдиев жаттықтырады. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктеліп келген сайыпқырандарды жеңіп жеңістің биік тұғырына көтерілген ол Аягөз қаласындағы К.Бозтаев атындағы орта мектептің түлегі, бүгінгі күні Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж денешынықтыру факультетінің 3 курс студенті.
Бұған дейін де бірнеше республикалық, халықаралық сайыстарда көзге түсіп, Қазақстанның мерейін өсірген 18 жастағы жігіт қарапайым теміржолшы отбасынан шыққан. Әкесі Тұрсынбек Күмісбаев Аягөзде осы салада қызмет етсе, анасы Сәния Күмісбаева мектеп асханасында аспаз болып жұмыс істейді.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button