ҚоғамТОП

БРУЦЕЛЛЕЗ БАСЫЛМАЙ ТҰР

Облыста 1 млн. 300 ірі қара бар болса,  биыл соның 7 мың 200-інен бруцеллез ауруы табылған. Соңғы жылдары Үржар, Көкпекті, Тарбағатай, Күршім аудандарындағы ірі қара арасында бруцеллез аурулары көбейгендігі байқалып келеді.

Көкпекті ауданында биыл ауру малдың саны біраз азайған, былтыр 1800 ауру мал тіркелген болса, биыл 1000-ға түскен, ал  Үржар өңірінде керісінше көбейе түскен. Аталған ауданда аурудың қай шаруашылықтан шыққаны анықталып, тиісті эпизоотиялық шаралар жүргізіліп жатыр.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы турасында өткен баспасөз конференциясында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағындықов бруцеллез ауруының таралуына  негізгі себеп болып отырған жайт малдың өрісте жайылуынан, көп малдың бірге жайылуынан   екендігін айтты.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button