Бірнеше жаңа нысан ашылып, аз қамтылған отбасылар баспаналы болды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндіктің шарықтау шегі тіптен қызықты өрілді. Қарашаның соңғы және желтоқсанның алғашқы күндерінде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ қатысуымен бірнеше маңызды нысандар ашылған болатын.
Баспанаға қол жеткізді
Әуелі Шығыс ауылында «Жұмыс-пен қамту-2020» бағдарламасы бойынша баспанаға қол жеткізген тоғыз отбасының қуанышына ортақтасқан аймақ басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ауыл халқына береке-бірлік тіледі.
– Халықты баспанамен қамту – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ негізгі тапсырмаларының бірі. «Жұ-мыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жуықта ғана жас және жағдайы төмен отбасыларға арналған жатақхананы қолданысқа бергенбіз. Дәл сондай тағы бір нысан салынбақ. Ал бүгін баспаналы болған отбасылардың қуанышына өздеріңіз куә болғалы тұрсыздар. Осының бәрі – Тәуелсіздіктің арқасында болып жатқан дүниелер. Еліміздің Тұңғыш Президентінің көреген саясатының арқасында өз байлығымызды өзімізге жаратып келеміз.
Осынау үлкен мереке қарсаңында игі шараның өтуіне мұрындық болған қала басшылығы мен құрылыс-шыларға рақмет. Қала әкімімен бірге Шығыс ауылының іргесін кеңейте түсуді жоспарлап отырмыз. Бұл ауылға қоныстанушылардың бәрі біздің ұлт өкілдерінен болуы да көңілге қонымды. Ең бастысы, бірлік-берекені сақтай білейік. Бірлік болса, уақытша қиындықтар да ретімен шешіледі, – деді ол.
Осылайша «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Өскеменнің іргесіндегі жаңа ауылдан қоныс тапқан қандастарымыздың қатарына «Жұмыспен қамту-2020» бағдарлама-сы шеңберінде баспаналы болған ағайындар қосылды. Осы бағытта бой көтерген 114 үйдің құрылысын «Агем» ЖШС 2011 жылы бастап, биыл аяқтап отыр. Қала басшылығының дерегі бойынша салынған 114 үйдің барлы-ғы бағдарлама қатысушыларына үлестіріліп біткен. Бұл үйлердің 79-ына болашағы бұлыңғыр деп танылған 62 елді мекеннен қоныс аударған жанұялар кірсе, қалған 35 үй Өскеменде пәтер жалдап, жатақхана жағалаумен күнелтіп келген отбасыларға беріліпті. Жалдамалы баспана негізінде берілген бұл үйлерді иелері белгілі уақыттан кейін меншігіне аударып алуына болады. Жыл аяғына дейін дәл осындай 36 үй және қолданысқа берілуі тиіс.
Қысқы азықтарын қамдады
Нөсер жаңбырға қарамастан, «Дос Нар» базарында өткен «Ауыл – береке – 2013» атты жәрмеңкеге адам қай кездегідей мол жиналды. Мұнда негізінен Катонқарағай
және Глубокое аудандарының ауылшаруа-шылық өнімдері сатылды. Бал мен қымыз, қазы мен қарта, балық пен құс етінен бастап, қысқа қажетті азық-түліктің барлығы тиімді бағаға ұсынылды. 10 тоннадан астам ет, 10,5 тонна көкөніс, ауылдың ақ тағамы мен нан-тоқаш базардың іші-сыртында да жеңіл бағамен саудаланды. Соғым қарсаңында ет бағасы мың теңгеден аспауы қала халқы үшін қолайлы-ақ болды.
Жәрмеңкеден кейін аймақ басшысы Тәуелсіздік даңғылының бойынан ашылған «Аружан» сауда үйіне бас сұқты. Мұндағы 100 сауда орны түгелдей жалға берілген кезде 200 адам жұмыспен қамтылатын болады. Әзірге сауда үйіндегі азық-түліктің бағасы тұтынушылар үшін өте тиімді. 600 грамдық нан 45 теңгеден сатылуда. Мұндай бағаның үстемдік құруына орталықтың бір бұрышы тұрақтандыру қорының тауарларына берілуі де әсер етіп отырса керек. Қаланың қайнаған ортасында тұрған бұл сауда үйі «Арзан», «Метро» сынды шеткеріде жатқан сауда орталықтарына жиі бара бермейтін адамдар үшін бірден-бір тұтыну орны болары сөзсіз.
Бұл күні облысымыздағы отыз үшінші банк филиалы ашылды. «РБК Банк» АҚ аймақтың шағын және орта бизнесінің гүлденуіне атсалысып, адам капиталы мен инфрақұрылымды көркейтуге бағытталған жобаларды инвестициялау мақсатында облыс орталығында өз бөлімшелерін ашып отыр. Аймақ басшысы банк қызметкерлерін Тұңғыш Президент күні қарсаңында жұмысқа кірісулерімен құттықтады.
Өскеменде Нұрсұлтандардың саны артып келеді
Тұңғыш Президент күні аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ облыс орталығында бірқатар әлеуметтік сала нысанының тұсауын кесті. Таңертең облыс Әкімі ат басын Ана мен бала орталығының №2 перзентханасына тіреді. Тұңғыш Президент күні мұнда жарық дүниенің есігін алты сәби ашыпты, олардың төртеуі ұл, екеуі қыз бала екен.
Аймақ басшысы сол күні босанған әйелдерді қуаныштарымен құттықтап, олардың әрқайсысына құшақ-құшақ гүл шоқтары мен бесік арбаларды тарту етті. Облыс Әкімі жүздері бақыттан бал-бұл жанған аналарға мықты денсаулық пен отбасы амандығын, кішкентай шақалақтардың ұзақ та баянды ғұмыр кешулерін тіледі.
Жас аналардың бірі Айнұр Әкімбаева Тұңғыш Президенттің құрметіне өз перзентінің есімін Нұрсұлтан деп қойыпты.
– Таңғы сағат бесте босандым, құдайға шүкір, сәбиім аман-есен. Осындай айтулы күні ана атану – ең үлкен бақыт. Ұлым өскенде Нұрсұлтан Әбішұлындай еліне жаны ашитын, аса қамқор азамат болсын деймін, – дейді ол.
Осы күні аталған перзентханада тағы бір кіш-кентай Нұрсұлтанның дүниеге келгенін естіп білдік. «Есімі баланың болашақ тағдырына ықпал етеді, ол өз атына қарап өсетін болады. Нұрсұлтан атамыздың жолын берсін деп ырымдап қойдым ұлымның атын» дейді сәбидің анасы.
Мереке күні Өскеменде-гі Бажов көшесінің бойында бой көтерген көпқабатты үй пайдалануға берілді, үйдің ауласында пәтер кілттерін табыстау рәсімі болып өтті.
– Әрбір азамат жайлы баспанаға қол жеткізе алуы тиіс. Ел Тәуелсіздігінің арқасында біз тұрғындар үшін жаңа үйлер салу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Кеңес одағы тұсында әр ғимаратты тұрғызу үшін Мәскеудің келісімін алу қажет болатын. Бұл үй айналдырған жарты жылдың ішінде салынып бітті. Мұндағы пәтерлер баспанаға аса мұқтаж жандарға, атап айтсақ, соғыс ардагерлері мен олардың жесірлеріне, ауғандық жауынгерлерге, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға берілуде, – деді жиналғандар алдында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Қоныстой иелері атынан сөз алған балалар үйінің түлегі Оксана Каунова облыс Әкіміне өзінің шексіз ризашылығын жеткізді. «Мен бұл үйді он жылдай күттім. Балалар үйінде жүргенде-ақ кезекке тұрғызылған болатынмын. Осы уақыт ішінде мамандық алып, тұрмысқа шықтым, бала сүйдім. Енді, міне, өз баспанамыз бар» деді қуаныштан көзіне жас алған Оксана.
Аблакетканың балалары демалыста бос жүрмейді
Қазақстан Халық банкі облыстық фи-лиалының қызметкерлері мейрамды игі-лікті іспен атап өтті. Олар Аблакетка шағын ауданындағы №13 орта мектептің аумағын абаттандырып шығыпты. Ол жерде балалар-ға арналған ойын алаңы тұрғызылған, түрлі ойын жабдықтары, әсем әткеншектер мен сырғанақтар көз қуантады. Атап өтерлігі, бұл алаңды салуға банк шамамен екі миллион теңге қаржы жұмсаған екен.
Аймақ басшысы бұл бастамаға оң бағасын беріп, қайырымдылық акциясына қатысушыларға ризалығын білдірді және балаларға сыйлықтар табыстады.
Бұдан соң облыс Әкімі жөндеуден өткен «Жігер» балалар шығармашылығы орталығына бас сұқты. Екі қабатты бұл ғимараттың ішінде шеберханалармен қатар, үлкен мәжіліс залы, баспасөз клубы, тіпті, ойын бұрышы да орын теуіпті. Мұнда ықшамаудан ардагерлеріне арналған демалыс бөлмесі да бар.
– Мереке күні жаңа әлеуметтік нысандардың ашылып жатқаны ерекше қуантады. Мұның бәрі сіздер үшін жасалып жатыр. Осы шағын ауданның тұрғындары бір кездесуде балалар мен қарттарға арналған демалыс орталығының ашылуын сұраған болатын. Біз ғимараттың иесімен кездесіп, сөйлестік, ол оны мемлекет меншігіне ақысыз қайтаруға келісті. Содан кейін мұнда күрделі жөндеу жүргізілді, қазір орталықта түрлі үйірмелер жұмыс істеуде, – деді салтанатты шарада облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ Қабанбай батыр көшесінің бойындағы «Тұлпар» сауда үйінің салтанатты ашылуына да қатысып, игі тілегін білдірді.
– Ел тұрғындарының әл-ауқаты да, келешекке деген сенімдері де күннен-күнге артып келеді. Мұның барлығы – мемлекеттегі ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етіп, экономиканың еркін да-муына жайлы жағдай жасаған Елбасымыз-дың ерен еңбегінің жемісі. Біз елдегі татулық пен бірліктің қадірін жете түсінуіміз қажет, – деп баса айтты аймақ басшысы.
Екі қабатты ғимараттың ішінде қырықтан астам сауда нүктелері орналасқан, оларда киім-кешектен бастап балалар тауарларына дейін сатылады. Сондай-ақ, осы жерде келушілер үшін 35 орындық дәмхана жұмыс істейді.
Шығыстың бас шыршасы шамын жақты
Тұңғыш Президент күні Өскеменнің орталық алаңында Шығыстағы бас шыршаның шамдары жағылды. Алаңда орнатылған шыршаны тамашалауға облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ келіп қатысты.
– Біз бүгін үлкен мерекені атап өтіп отырмыз. Тұңғыш Президент күні мен өңіріміздің барлық тұрғындарына, олардың туған-туыстары мен жақындарына денсаулық, береке-бірлік, келісім мен игілік тілеймін. Әрбір жанұя өсіп-өркендей берсін. Жаңажылдық шамдар ертерек жағылуы тиіс деп санаймын, әрбір адам мейрамның келе жатқанын сезініп, бәрінде жақсы көңіл күй болуы тиіс, – деді салтанат алдында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Бұдан соң аймақ басшысы шыршаның шамдарын қасына Ақшақар мен Аққаланы және Қар барысын ерткен Жаңа Жылдың басты қаһарманы – Аяз Атамен бірге жақты. Әртүрлі түспен құлпырып шыға келген шыршаның осы бір көрінісі балалардың есінде ұзақ сақталып, ерекше бір әсер қалдырғаны анық. Сондай-ақ, шырша шығысқазақстандықтар мен өскемендіктер үшін мерекелік көңіл күй мен қуаныштың
бастауы болмақ.
Есімжан Нақтыбайұлы,
Ержан Әбіш