Қоғам

Бірін-бірі балағаттағаны үшін айыппұл салынды

 Бірін-бірі балағаттағаны үшін айыппұл салынды
Күршім ауданында тұратын көршілес келіншектер бір-бірін аямай сыбағандары үшін айыппұл төлейтін болды.
Аудандық сот жуықта бір-бір сәби бағып отырған аналардың ісін қарады. Олар қоғамдық орында бір-бірін анайы сөздермен балағаттаған. Сот материалында жазылғандай, ұрсыстың «қызығына» кіргені соншалық айыпталушылар тіпті маңайында тұрған адамдарға да мән бермеген. Олар қоғамдық орында бір-біріне анайы сөз жаудырып жатқандары үшін ұялмаған да көрінеді.

– Сот отырысында құқықбұзушылар өз кінәларын мойындап, жасаған қылықтары үшін өкінетіндерін айтты, алайда көршілер бір-бірін кешіруден бас тартты. Олардың әрқайсысына 3 АЕК (5193теңге) көлемінде айыппұл салынды – деп мәлімдейді соттың баспасөз қызметі.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button