Қоғам

Бір жерде 35 жылдан артық қызмет етіп келеді

Бір жерде 35 жылдан артық қызмет етіп келеді


Әріптесіміз, С.Ғаббасов атындағы мектептің шет тілі мұғалімі Гүлбану Әзіханқызы туралы айтар сөз көп-ақ. Осы ауылда туып, осы мектепте 1-сыныптан 10-сыныпқа дейін білім алған Гүлбану бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіпті.

1977 жылы мектепті бітірісімен арманға қанат қаққан жас қыз Алматыдағы шет тілдері институтына оқуға түседі. Онсыз да мектепті жақсы оқыған талапты түлек онда белгілі өнер қайраткері Қ.Қуанышбаевтың қызы Жамал Қалибекқызынан дәріс алады. Ол – Германиядан оқып келген өте білімді қазақ қыздарының бірі еді. Неміс тілін жетік білген білікті маманның өзінің кураторы болуы Гүлбанудың болашағына ықпал етпей қойған жоқ. Ол дипломын қолына алысымен, туған ауылы мен алтын ұя мектебіне оралып, неміс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі болады. Содан бері табаны күректей 35 жыл ұстаздық қызмет атқарды. Ол бір жерде 35 жыл еселі еңбек етіп, шәкірттеріне өмірлік жол сілтеп, жан дүниесіне нұрлы шуақ себе білді.

Гүлюану – ұстаздық мамандығымен қоса бастауыш сыныптарында оқу ісінің меңгерушілігін қатар алып келе жатқан іскер басшы.

Гүлбану Әзіханқызы Білім және ғылым Минстрлігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім департаментінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
Зейнерткерлік жасқа жетіп қалғанын білсе де, былтыр заман талабына сай үштілділікті жүзеге асыру мақсатында білім жетілдіру курсынан өтуі кейінгі жас толқынға зор үлгі болды.

Гүлсімхан Жамантаева,
Мамырсу ауылы
Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button