Руханият

Бір күнде он бес адамға, қоңырау шаламыз неге біз?

Достық шарж

Бір күнде он бес адамға, қоңырау шаламыз неге біз?

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке

– Алло!
– Кім едіңіз?
– Бір қаланың тірегіміз.
– Кімді іздедің?
– Жылуға төленбеген құнды іздедім.
– Кешіріңіз, сіздей әкім көргеміз жоқ.
– Семейге тектен-текке келгеміз жоқ.
– Қарызды қайтаратын теңгеміз жоқ.

Қайырмасы:
– Әй, әй азамат, олай демеңіз,
Қалжыңға қалай көнеміз.
– Қыс бойы үй суық болса,
Ақысын қалай береміз?
– Ұятың қайда? Ұятың қайда?..
Үсіген жоқ қой денеңіз.
Қарызды тезірек төлеңіз.
Әйтпесе сантехникті ертіп келеміз.
Бір күнде он бес адамға,
қоңырау шаламыз неге біз?
– …
– Алло… алло… алло…

«Алло» әнінің желісімен әзіл
жазған – Мұратхан Кенжеханұлы

Суретті салған – Мерей Қайнаров.

Осы айдарда

Back to top button