Жұмыспен қамту

Бос жұмыс орындарын ұсынды

Азамат Темірбеков

Зайсанда өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде төрт адам тұрақты жұмысқа орналасып, бірнеше тұрғын әңгімелесуге жіберілді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара барысында халықты жұмыспен қамту орталығы мекемесіне аудандағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме өкілдері,  жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендер мен жұмыссыз азаматтар шақырылды.

«Аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету – ең басты мәселелердің бірі. Жәрмеңке – жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасындағы ең оңтайлы платформа. Себебі өзінің іздеген, қолынан келетін мамандығын тапқан тұрғын бірден жұмыс берушіге түйіндемесін қалдырып, лайықты жұмысқа орналасуына мүмкіндік болады.  Бүгінгі күні біздің ауданға дәрігерлер мен медбикелер, сондай-ақ «СМУ-Шығыс» кәсіпорнына экскаваторшылар, тракторшылар, жүргізушілер қажет», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Жәрмеңке барысында бір адам аудандық Мәдениет үйіне жұмысқа орналасып, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан бір тұрғын Зайсан орман шаруашылығы мекемесіне тұрақты еңбекке тартылған. Сонымен қатар екі адам қоғамдық жұмысқа жіберіліп, төрт адам Зайсан аудандық прокуратураcына әңгімелесуден өтуге шақырылып, алты адам түйіндемелерін қалдырды. Алдағы уақытта олар мамандықтарына сәйкес бос жұмыс орны болған жағдайда жұмысқа орналастырылатын болады.

Осы айдарда

Back to top button