Қоғам

Бүлдіршінді аман алып қалды

Бүлдіршінді аман алып қалды

Аудандық аурухана жұмысшысы Медет Самарханов үйіне қайтып келе жатып, таяу жерден баланың жан айқайын естиді.
Есік алдында ойнап жүрген бес жасар Данара байқаусызда терең су толтырылған шұңқырға құлап кеткен екен. Жан ұшырып жатқан бүлдіршін енді болмағанда тұншығып, лай суға батып кетер еді. Осыны көрген Медет бірден шұңқырға секіріп, тұншыққан баланы ажалдан арашалап қалады. Сөйтіп, күздің қара суығында батпаққа батып, малмандай су болған баланы дереу ата-анасының қолына тапсырып, қолдан келген шараның барлығын жасапты.
Абырой болғанда, Данараның денсаулығына зиян келмеген екен. Қазір кішкентай қыз даярлық сыныбында оқып жатыр, ал балаларын апаттан арашалаған Медетке Данараның ата-анасы шексіз алғыс айтып, сый-сияпат жасады.

Қадырбек Кәкімұлы

Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button