Бұл жылға ҮМІТ АРТҚАНДАРДЫҢ сенімі ақталады
Жыл иесі жылқы – қиындыққа төзімді, күш-қуаты мол, еңбекқор, еркіндікті сүйетін жануар. Жұлдыздар жыл бойы адал жұмыс істегендердің жолы болатынын меңзейді. Бұл жылы көпшілік табысқа жету жолында тынымсыз еңбек етеді. Жұлдызшылар Жылқы жылы ең жайлы, жомарт жылдардың бірі болмақ, бұл жылға үміт артқандардың сенімі ақталады деп отыр. Дегенмен, бұл болжам ғана, бәрі өз қолыңызда екенін ескеріңіз.
Тышқан (1900, 1912, 1924, 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)
Жылқы жылы – тышқан жылында туғандар үшін мақсаттарын іске асыруға оңтайлы жыл. Олар жұмыс пен демалысты қатар алып жүріп, табысқа кенеледі, қызметте жоғарылайды. Ал бизнесмен тышқандар «саудада достық жоқ» екенін ескеріп, серіктестерінен сақ болғаны жөн. Отбасы бюджетіне лотерея ұтысы, жұмыста берілетін сыйақы сияқты күтпеген кіріс кіруі мүмкін. Олар осы жылы баспананы жаңартып, жиһаз сатып алуға, демалысқа баруға қаражат жұмсайды.
Сиыр (1901, 1913, 1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009)
Сиыр жылы туғандар үшін жылқы жылы – сәтті жыл. Жаңа істерді қолға алып, табысқа кенеледі. Қызметте жоғары мансапқа қол жеткізіп, қаржы мәселесін шешуге мүмкіндіктер туады. Сиыр жылғыларды биыл алыс, қызықты сапарлар күтіп тұр, жаңа қонысқа көшуі мүмкін. Жылдың бірінші жартысында достарының қолдауына сүйенуге тура келеді. Ал егер жаңа іс бастамақ болса, ең жанашыр жандарға ғана сенген жөн. Сонымен қатар, маңызды шаруаларды жоспарлауға жылдың екінші жартысы сәттірек болмақ.
Барыс (1902, 1914, 1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)
Барыс жылы туғандар бұл жылы күтпеген қызықтардың куәсі болады. Ол үшін Жылқы жылы – нағыз тынымсыз жыл. Айна-ласындағы адамдармен тіл табысып, ұрымтал сәттерді жіберіп алмау-ға тырысқан жөн. Жұмыста және отбасында бедел-мерейі арта түспек. Астрологтар барысқа бәрін ақылмен шешуге кеңес береді. Жылқы жылы барыстарды табысқа жеткізеді. Ал тәуекелге басып, күмәнді жобаларды қолға алудың ақыры сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін.
Қоян (1903, 1915, 1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)
Жылқы жылы қоян жылы туған-дар үшін тосын оқиғаларға толы. Олар жақсы достарын жолықтырады, думанды күндері көп болады. Бұл жылы қояндарды кедергілер де айналып өтпейді. Бірақ бір жаманның бір жақсысы болатынын еске сақтаған жөн. Маңызды шешімдер қабылдауға батылы жете бермейтін қояндар Жылқы жылы дайындаған тағдыр сыйына қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмауы қажет. Екінші жартыжылдықта қаржылық жағдайы жақсарып, табысқа кенеледі.
Ұлу (1904, 1916, 1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)
Жылқы жылы ұлулар үшін де сәтті жыл болмақ. Олардың қаржысы молайып, қоғамдағы орны нақтыланады. Барлық істері ілгері басады. Егер кедергілерге тап болып жатса, мойымай, ұсақ-түйек деп қабылдап, аттап өте береді. Жылқы жылы ұлулар өсуге ұмтылады. Бұл жолы оларды ешнәрсе тоқтата алмайды. Себебі, Ұлу жылы туғандардың қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай мәселені де шеше біледі.
Жылан (1905, 1917, 1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)
Бұл жыл жыландар үшін ең сәтті жыл болып тұр. Жұмыста – табысқа, қызметте – мансапқа қол жеткізетін жыл. Жыландар аңсаған армандарына қол жеткізеді. Көпшілігі, үйлі-баранды болмақ. Танысқан адамдарымен жылы сөйлесуге ұмтылса, олар шешілмей жүрген материалдық жағдайын жақсартып алуына себепші болуы мүмкін. Жыландардың жеке өмірінде, отбасында жақсы өзгерістер болады. Өмірге сәби келуі, жаңа үй тұрғызуы, жөндеу жұмыстарына кірісуі әбден мүмкін.
Жылқы (1906, 1918, 1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002)
Жылқылар үшін бұл жыл сәттіліктерге, жақсы жаңалықтарға, соны мүмкіндіктерге толы болады. Олар осы жақсылықтардың бәріне өз еңбегімен жетеді. Астрологтардың пікірінше, Жылқы жылы туғандар өте белсенді адамдар. Сол белсенділігі бәсеңдемей, тек алға ұмтылған жағдайда ғана қиындықтар артта қалып, бәрін жеңіп шығады. Сондықтан, Жылқы жылы туғандар үшін ең бастысы – ертеңге сеніммен қарау. Жұлдыздар бұл жылы спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға кеңес береді.
Қой (1907, 1919, 1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003)
Қой жылы туғандар үшін де жылқы жылы ырыздығымен келеді. Олардың жақын-жуықтарына қатысты барлық тілектері орындалады. Жалпы, бұл жыл – қойлар үшін қай жағынан да қолайлы кезең. Астрологиялық болжамдар олардың жоспарлары жүзеге аса бастайтынын көрсетіп тұр. Қойлар бұл жылы сүйікті жарларын кездестіреді. Махаббатта жолы болады. Адалдыққа бастайтын қадамдарын жары да бағалап, отбасында сүйкімді сәбилер өмірге келеді.
Мешін (1908, 1920, 1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004)
Мешін Жылқы жылында өзі ұнататын басқосуларға жиі барып, ырду-дырдуы көп көңілді орталардан табылады. Олар үшін мамыражай өмір басталады. Жұлдыздар Мешін жылғыларға жұмыс ауыстырудан, отбасын құрудан, үй салудан, көші-қон мәселесінен қорықпауға кеңес береді. Жұлдызшылар мешіннің отбасында сәби өмірге келуі ықтимал деп болжайды. Олар қызметінде табыстарға, түрлі марапаттауларға қол жеткізеді. Тек болмашы нәрселер үшін ұсақтанып, пендешілік танытпауы керек.
Тауық (1909, 1921, 1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005)
Бұл – тауықтар үшін баюға, қызметте жоғарылауға, сүюге, сүйікті болуға бас-тайтын жыл. Отбасын құрғандарды бақытты, шаттыққа толы күндер күтіп тұр. Алақаны ырыздыққа толатын Жылқы жылына тауықтың еш өкпесі болмайды. Жұлдыздар осы жылы мақсатқа жетуге бетбұрыс жасайтын оң өзгерістерді меңзейді. Кәсіпкер тауықтарға бұл жыл жақсы табыс әкеледі. Темір тұлпар сатып алу мүмкіндігі де басым. Қаржы мәселесінде тауықтың айы оңынан туады. Жылқы жылында лоторея ұтып алулары мүмкін.
Ит (1910, 1922, 1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006)
Ит жылы туғандарды жылқы жылында кездейсоқ сәттіліктер күтіп тұр. Олар өздерін сынап көрмек болып, кәсіп ашуы мүмкін. Иттер Жылқы жылында мол қазынаға кенеледі. Бала-шағалылары ұлын ұяға, қызын қияға қондырады. Ит үшін Жылқы жылында сөзшеңдігін қоя тұрып, мәселені сабырмен шешу маңызды. Бұл жылды табысты ету үшін итке уақытпен санаспай еңбек етуге, ұжыммен жақсы қарым-қатынас орнатуға тура келеді.
Доңыз (1911, 1923, 1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007)
Доңыз жылы туған бойдақтарды соңы некеге ұласатын романтикалық кездесу күтіп тұр. Астрологтар көктем кезінде алдағы уақытта үлкен көмегі тиетін адаммен танысудың сәті түсетінін болжайды. Олар Жылқы жылында бар күш-жігерін материалдық ахуалын реттеуге жұмсайды. Есесіне, жоспары жүзеге асып, мол табысқа кенеледі. Көптен күткен бағалы сыйлыққа қолы жетеді. Доңыз жылы туғандар ағайын-туыс, достары тарапынан үлкен қолдау көреді.
Электронды БАҚ материалдары негізінде әзірлеген – Ержан Әбіш