Қоғам

Бұл текеметте қандай сыр бар?

Бұл текеметте қандай сыр бар?

Қазақ халқы күнделікті тұтынатын бұйымдарына әлмисақтан ою-өрнек салып, эстетикалық тұрғыдан әсем болуын қадағалаған. Әр ою-өрнектің өзіндік сыры мен құпиясы басым келеді.

Тылсым сырларға жетелейтін бір оюды Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, көне руникалық жазуларды зерттеуші Аманғос Мектепке көрсеткенімізде ол:
– Бұл – ежелгі түрік руникалық алфавитіндегі мәңгі қозғалысты бейнелейтін таңба. Сондай-ақ, керейдің, адайдың, кетенің рулық таңбасы. Біз өзіміздің ежелгі ілімімізді мектеп бағдарламасына қоспағандықтан, ата-бабамыз ашқан жасампаздық жаңалықтан мақұрым қалдық. Егер білімнің білімі, ілімнің ілімі – бағзы руникалық жазу дәстүрімізді игергенде, – дәл бүгінгі санадағы тоқырау болмас еді, – деп түсіндірді.

Аягөз ауданының Айғыз ауылындағы Базар Сабырбеков ағамыздың текеметіндегі ою жайында кім не айта алар екен? Фашизмнің эмблемасы болған свастиканың түп-төркіні қазақтың өрнегінен алынғаны тайға таңба басқандай болып тұрған жоқ па?! Бұл текеметке кемінде 70-80 жыл болған-ау, шамасы.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button