Қоғам

Бизнесті қалай бастау керек?

Бизнесті қалай бастау керек?


Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да АҚШ-тағы «EdLab Group» компаниясы директорының міндетін атқарушы, америкалық спикер Карен Пэтерсонмен кездесу өтті. Онда іскер қыз-келіншектердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында «Бизнесті қалай бастау керек? Кәсіп ашу үшін қанша қаражат қажет? Жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеу керек?» деген сауалдар төңірегіндегі мәселелер қозғалды. Карен Пэтерсонның айтуынша, халық тұтынатын тауарларды өндіру мен тарату, туризм, сақтандыру, жарнама, маркетинг салаларына капитал құйған кәсіпкерлер көп жағдайда табысқа тез қол жеткізеді.

– Бүгінде қыз-келіншектер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық саласында ер-азаматтармен қатар еңбектеніп, іскерлігімен көзге түсіп, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Білуімше, Қазақстандағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев үлкен жұмыстар атқарды. Мұның барлығы елдегі гендерлік саясаттың одан әрі даму бағытын айқындай түсті, – дейді Карен Пэтерсон.
Бұдан соң Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен «Білім беру саласындағы гендерлік мәселелер» атты халықаралық семинар-практикумға қатысқан америкалық спикер өскемендік ұстаздарға STEM – білім беру технологиясының маңызды тұстарын түсіндірді.

– Білім берудің бұл түрі математика, инженерия сияқты бірқатар саланың басын біріктіреді. Жалпы, STEM бағдарламасының элементтері Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданысқа енгізілген. Бұл тәсіл оқушылардың робототехника мен жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын оятады, – дейді Карен Пэтерсон.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button