VII шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XIII сессиясында өңірді дамыту жоспарын іске асыру және облыстық бюджеттің орындалуы қорытындыланды, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны жоғары. Атап айтқанда, өңірдің экономикасы үш пайызға, жалпы өңірлік өнім 14 пайызға өсті.
– Осы жылдың бірінші тоқсанында экономика 7,7 пайызға өсті, орташа республикалық көрсеткіш 4,7 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 пайызға, инвестиция 14 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру 10 пайызға артты, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Айта кетейік, былтыр облыс бюджетіне 485,9 млрд теңге кіріс түскен.