Жаңалықтар

Биыл Тарбағатайдың бір ауылында интернет жылдамдығы артады

Биыл Тарбағатай ауданындағы Тоғас батыр мектебі күрделі жөндеуден өтіп, Тана мырза ауылында интернет жылдамдығы артады.

Бұл туралы «Ашық әкімдік» алаңында онлайн форматта есеп берген  Ойшілік ауылдық округінің әкімі Ержан Құттыбаев хабарлады.

Биылғы жылы Тоғас батыр атындағы орта мектепке «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 250 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөліп, күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Тана мырза ауылына «Биллайн» байланыс операторының қабылдағышы орнатылып, байланыс жақсарып, интернет жылдамдығы арттырылады, – дейді Ержан Құттыбаев.

Бұдан бөлек, Ойшілік және Тана мырза ауылдарының әрқайсысында жалпы ауданы бес гектарды құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін жаңа полигон ашылады. Тана мырза ауылында құны 8 млн. теңгені құрайтын спорт алаңы салынып, Қарғыба өзенінің бес шақырымдай бөлігі тазаланып, су бөгеттері салынады.

Ойшілікте де осындай жұмыстар қолға алынып, құны 25 млн теңгелік «воркаут стриті» бар спорт алаңы салынып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекен ішін жарықтандыру жоспарлануда, – деп қосты ауыл әкімі.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button