Қоғам

Биыл Аягөз ауданының тоғыз ауылы ауызсумен қамтылады

Биыл Аягөз ауданында тоғыз елді мекенді таза ауызсумен қамтамасыз ету жобалары қолға алынбақ.

Бүгінде 50 ауылдық елді мекені бар Аягөз ауданындағы 39 ауыл, яғни 68 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілген. Осылайша, 30 мыңнан астам ауыл тұрғыны, яғни аудан халқының 91,1 пайызы таза ауызсуға қол жеткізген.

Ағымдағы жылы ауылдарды ауызсумен жабдықтау жобалары жалғасып, Ай, Қопа ауылдарында су құбырлары желілерін салу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қарастырылған 57 млн теңге қаражатқа Ай, Ақтас, Биесимас, Ортаарал, Ақшоқы және Ескенебұлағы елді мекендерінде блокты-модульді станцияларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, Байқошқар және Қорық ауылдарын орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау мақсатында су жинағыш нысандар мен су құбырларын салу жобасы Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен келісіліп, бүгінгі күні сараптамаға жолданған.

Айзере Сұлтан

Осы айдарда

Back to top button