Биыл 552 күрделі ота жасалды
Тек бірінші жартыжылдықта өңірде 552 жоғары технологиялық операция жасалды, былтыр 440 ота жасалған-ды. Бұл туралы облыс әкім Даниал Ахметов өткізген халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша кеңесте мәлім болды.
Сондай-ақ 6 медициналық жабдық сатылып алынады, бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтердің тағы 14 түрін көрсетуге мүмкіндік бермек.
Қазір 19 дәрігер біліктілігін арттыруда, одан кейін тағы 54 маман үздік клиникаларда оқытылады, олардың 20-сы онкогематология саласында білімін шыңдайды. Сонымен қатар біздің дәрігерлер астанадағы ұлттық кардиологиялық орталықта және нейрохирургия орталығында әйгілі кардиохирург Юрий Пядан дәріс алады.
– Ана мен бала орталығына заманауи зертханалық жабдық орнаттық. Ол әйел қанынан ұрықтың хромосомалық патологиясын, жүктіліктің 9-шы аптасынан бастап даун, эдвардс, патау синдромдарын анықтауға мүмкіндік береді. Аталған орталық алдағы уақытта жоғары технологияны қолданатын еліміздегі алғашқы медициналық мекеме болмақ, – деді аймақ басшысы.
Ержан Кеңесұлы