Қоғам

Биыл мұнай өндірушілерге қиын болады

Биыл мұнай өндірушілерге қиын болады

Биыл мұнай өндірушілерге қиын болады

Ағымдағы жыл әлемдегі мұнай өндіруші компаниялар үшін аса ауыр болуы ықтимал. Дәлірек айтқанда, қара алтыннан қарпып табыс тауып келген кәсіпорындардың үштен бірі банкротқа ұшырайды. Мұндай болжам «Deloitte» аудиторлық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесі негізінде жасалды.
Әлем бойынша 500 мұнай-газ компаниясына жүргізілген зерттеулер нәтижесі энергетика саласының аса ауыр дағдарысқа ұшырағанын анықтады. Себебі, мұнай бағасы осыдан он жыл бұрынғы деңгейге дейін құлдырай түсті. Соның салдарынан компаниялар бюджет пен қызметкер санын қысқартуға мәжбүр. Қазіргі уақытта дүниежүзіндегі 175 компанияға жұмысын тоқтату қаупі төніп, олардың жалпы қарыз мөлшері 150 млрд. доллардан асып кеткен.
Бірақ мұнай өндіруші кәсіпорындарға қарағанда, оларға қызмет көрсетуші сервистік компаниялардың жағдайы жаман емес көрінеді. Себебі, олар қызметкерлерді іздестіру немесе жерді бұрғылау құрал-жабдықтары үшін көп қаржы жұмсамайды.

Ресейліктер қарыздарын қайтармай жатыр


Ресейде тұрғындар банктен алған несиелерін қайтара алмай жатыр. Соның салдарынан мерзімі өткен қарыздар күрт көбейген. Бұл туралы осы елдің Орталық банкі хабарлады.

Мамандардың айтуынша, қаңтар айында жеке тұлғалардың берешегі 2,1 пайызға ұлғайса, корпоративтік секторда бұл көрсеткіш 12,1 пайызға дейін жеткен. Осылай жалғаса берсе, биыл ресейлік банк жүйесіндегі ақша түгесіліп, жеке банктерге дефолт қауіпі төнбек. Жеке тұлғалардың несие қоржынындағы уақыты өткен қарыз үлесі 8,3 пайызды құраса, корпоративті қоржын бойынша бұл 6,8 пайызға жетіп отыр.
«Fitch» деректеріне қарағанда, былтыр ресейліктердің банкке берешегі 11 трлн. рубльден асқан. Қарызға белшесінен батқан мұндай адамдардың саны – 40 миллион. Бұл экономикалық белсенді халықтың жартысынан көбін құрайды.

Қоқыс тазарту ісі тұралап тұр

Ұлыбританияда тұрмыстық қоқыстарды тазарту ісі тұралап қалды. Бұған дағдарыс салдарынан қалдықты қайта өңдейтін өндіріс орындарының жабылуы себеп болған.
Жиналмаған қоқыстар көшелерге шашылып, жағымсыз иісі жаппай таралуда. Тазалықты былай қойғанда, адамдар өздерінің денсаулықтары үшін алаңдай бастады.
«Скай ньюс» агенттігінің зерттеуінше, елдің оңтүстігіндегі Уилтшир және Кент аймағы мен солтүстіктегі Йоркшир және Файф аймақтарының өзінен алпысқа жуық төбе болып үйілген қоқыс үйіндісі анықталды.
Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметінше, 2014-2015 жылдардың ішінде қараусыз қалған қоқыс орындарының саны елуге жуықтаған. Оның он шақтысы өртенудің алдында тұр. Ал сол жердің иелері мен билік басындағылар үйілген қоқысты тазалауға асығар түрі жоқ. Себебі іріп-шіріп, сасыған қоқысты жою үшін үкімет пен кәсіпкерлер қазынасынан қыруар қаржы шығуы қажет.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button