Қоғам

Биыл бұл мейрам біздің облыста бір апта бойы тойланады

Биыл бұл мейрам біздің облыста бір апта бойы тойланадыНаурыз-думан

Биыл облыс басшылығының бастамасымен біздің өңірде жыл басы – Наурыз мейрамы бір күн емес, жеті күн қатарынан аталып өтілмекші.
Атап айтқанда, ежелгі салт-дәстүр бойынша Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар жеті күн бұрын, 16 наурыздан бастау алады. Ең бастысы, әр күннің өз ұраны, іс-шараларды өткізуге арналған арнайы тақырыбы болмақ.
Мәселен, бірінші күн «Өніс» (табиғаттың оянуы, 16 наурыз) деп аталады. Бұл күні жас босанған аналар құттықталады, аузы дуалы, тілегі таза үлкендер аналар босанатын үйлерге барып, дүние есігін ашқан сәбилерге бата береді, сонымен қатар, сәбилердің туу туралы куәліктері табысталатын болады. Бұған қоса, озат ауыл еңбеккерлері-не әртүрлі құрметтер көрсетілмек.
Ал екінші күнге (17 наурыз) белгіленген «Қамқорлық» атты мереке барысында өңірімізде өмір
сүріп жатқан соғыс және еңбек ардагерлері құттықталып, жа-сы үлкен қарттарға құрмет көр-сетілетін болады. Бұл мереке барысында жетім балалар мен қарттар үйлеріне баруды ұйымдастыру, мұқтаж жандарға көмек көрсету жүзеге fсырылмақ. Қалалар мен аудандардың әкімдері ардагерлермен, балалар мен жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізеді, қарттарға үй-тұрмысы бойынша түр-лі деңгейдегі көмектер көрсетіледі.
Наурыздың өзі тазару, жаңару бастауы екенін тереңірек түсіндіруді мақсат тұтқан «Тазалық» күні (18 наурыз) тұрғылықты мекендердегі көшелердің, мекемелер мен ұйым-дардың аумақтарын, сондай-ақ, аулаларды тазарту күні болып белгіленіп отырған көрінеді.
Бірлігі жарасқан елдің ғана шаттығы шалқитынын танытатын күн «Ынтымақ» («Бірлестік күні», 19 наурыз) деген атаумен өтпекші. Бұл күні мерекелік іс-шаралар өтетін барлық орындарда оның басты нышаны – «Алтыбақан» орнатылады да, аймағымыздағы этномәдени ор-талықтардың кеңінен .қатысуымен мерекенің басты шаралары: концерт-тер, байқау-конкурстар, басқа да өнер сайыстары өткізілетін болады.
Наурыз-думанның тамаша бір сәті қашанда молшылықты паш ету екені белгілі. Сол берекені танытатын күн «Ырыс» (20 наурыз) деп аталмақ. Аты айтып тұрғандай, дәл осы күні қалалықтарға арналып, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен мерекелік концерттер ұйымдастырылмақ.
Қай мереке-думан риясыз көңіл-күйсіз өтуші еді? Наурызды ерекше мерекелеудің алтыншы күні осы ұғымдар ойластырыла «Шаттық» («Көңіл көтеру күні», 21 наурыз) деген атаумен өріс алатын болады.
Бұл күні мәдени-бұқаралық іс-шаралармен қатар, ән және би байқаулары, айтыскер ақындармен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулер ұйымдас-тырылады. Ал қас қарая жастарға арналып «Алтыбақан», «Айқыш-ұйқыш», «Ақсерек-Көксерек», «Ал-қақотан» ойындары өткізіліп, ең қызығы, жастардың жаңа күнді, жаңару таңын бірге қарсы алуы
үшін шаралар ұйымдастырылады.
Ал алдағы әр атаулы күннің жиынтығындай болатын жетінші күн – 22 наурызда – «Ұлыстың ұлы күні» мейрамы қанатын кеңге жайып, барлық қызығымен сән-салтанат құратын болады.
Бұл күні көкөрім-көктем мерекені тамашалаушылар оның Жер-Ана-ны көк тасты жібітетін шуағымен көмкеретініне куә болары сөзсіз. Ең бастысы, бұл шақта ең әдемі киіз үй сайысы өткізіліп, мерекелік концерттер, ұлттық ойын және ұлттық спорт түрлері бойынша, атап айтқанда, көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, теңге алу сияқты жа-рыстар жалғастырылады. Мерекені тамашалауға келген жас пен кәріге қазақтың тіл үйірер ұлттық тағамдары ұсынылып, Наурыздың бас тағамы – наурыз көжеден дәм таттыру ұйымдастырылатын болады.
– Халқымыз Ұлыстың ұлы мере-кесiн биыл 26-шы рет тойламақ. Қазір облысымыздың мәдениет саласы оған ерекше дайындалып жатыр. Ал мәдени іс-шараларға тоқталсақ, облыстық балалар мен жасөспірім-дер кітапханасы «Наурызым – асыл айым» атты театрландырылған қойылым, Достық үйі «Достық дас-тарқаны» атты шара, Семейдің Невзоровтар отбасы атындағы мұражай өңір суретшілерінің көрмесін, Жамбыл атындағы драма театры «Наурызнама» атты театрландырылған сахналық көрініс, А.Пушкин атында-ғы облыстық кітапхана «Наурыз және дана Абайдың мәңгілік ұлылығы»
атты әдеби-музыкалық кеш дайындауда. Жалпы, облыстың барлық мәдениет мекемесі сан алуан шаралар өткізбек, – дейді Ұлыс мерекесінің биылғы өту барысы жайында әңгімелеген облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы-ның басшысы Нұрболат Ахметжанов.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Осы айдарда

Back to top button