Қоғам

Бірқатар көшенің жолы кеңейтіледі

Алдағы уақытта облыс орталығындағы бірқатар көшенің жолы кеңейтілмек. Мәселен, шаһардың Жібек маталар комбинаты ауданының кіреберісіндегі жол айрығында бес жол түйісетін болады. Сондай-ақ Самар тас жолына шығатын Базовая көшесін кеңейту көзделген.

Бұл іс-шаралар кешені бірқатар жолдағы көлік кептелісі мәселесін шешуге мүмкіндік беруі тиіс, дейді сала мамандары.

Жақында облыс басшылығы Есенберлин даңғылына нөсер кәрізін орнатуды және барлық инфрақұрылымдық жұмыстарды аяқтауды тапсырған болатын.

Сонымен қатар Астана көшесінің жолын кеңейту жоспарлануда. Бірақ ол үшін алдымен халықтың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс екен.

Одан бөлек, Аврора және Пограничная көшелері кеңейтіледі деп жоспарланып отыр. Бұл – Понтон көпірін тиімдірек пайдалануға және ауыр техниканы қала сыртына еш қиындықсыз шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жол құрылысшылары Мыза көшесін кеңейту туралы ұсыныс білдіруде. Бұл ұсыныс әкімдік тарапынан егжей-тегжейлі қарастырылатын болады. Өйткені аталмыш ауданда жол кептелісі жиі орын алады.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button