COVID-19 

Бірінші кезекте осал топтарға ревакцинация жасалады

Өскемен және Семей қалаларында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді.

       Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қараша айында  650 адам ревакцинацияға жіберіледі деп  жоспарланған.

      Бірінші кезекте ревакцинация тұрғындардың осал топтарына, олар – медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, жабық балалар мекемелері, 60 жастан асқан адамдар, КВИ-ға қарсы толық вакцинация курсынан кейін қандарында антиденелер анықталмаған, иммунитеті төмен адамдарға және КВИ-ға қарсы антиденелерге өз бетінше тексерілген, зерттеудің қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен адамдарға жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, КВИ-ге қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жасалады. Инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан кейін жасалады.

 

        

Кәмал Естай

 

Осы айдарда

Back to top button