Қоғам

“Біргеміз!” деп ұрандатты

 Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада  әртүрлі ұлттың өкілдері «Біз біргеміз!» атты іс-шара аясында бас қосты.  

Түрі бөлек болғанмен жүрегі бір, тілі бөлек болғанмен, тілегі бір этнос өкілдерінің әрқайсы дәл қазіргідей заманда   бірлік пен татулықтың ауадай қажет екенін ерекше  атап айтты. Қонақтар кітапхана өмірімен жақын танысып, онда көрсетілетін қызмет түрлері жайлы кеңінен мағлұмат алды. Сондай-ақ олар Тәуелсіз Қазақстанның рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты  көрмені де тамашалады. Олардың әрқайсы өз тілінде «Біз біргеміз!» деп ұрандатты.

– Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақ нығая берсін. Татулық, достық пен бейбітшілік – еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауымыз қажет, – дейді поляк ұлтының өкілі Валентина Фрышко.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button