Қоғам

Бір үйір жылқыны қолды қылған

Аягөз аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен жайылымда жүрген жылқыларының жоғалғаны жөнінде арыз келіп түскен. Шығын мөлшері шамамен 60 миллион теңгені құраған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тексеріс барысында мал иесінің бірнеше жылқыға кез-келген уақытта онлайн режимде ұялы телефондағы мобильді қосымшасы арқылы малдың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін GPS электронды бақылау құрылғысын орнатып қойғаны белгілі болды. Іздеу жұмыстарының оң нәтиже беруіне осы жайт септігін тигізді.

Нәтижесінде, малды Үржар ауданының 47 жастағы тұрғынын қолды қылғаны белгілі болды.

– Күдікті қамауға алынып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәсі дәлелденсе, күдікті 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button