Қоғам

БІР КҮНДЕ БАЙЫП КЕТКЕН ҚЫЗ

Өскеменде үй қызметшісі өзі жалданып жұмыс істеп жүрген үйден 130 мың АҚШ долларын ұрлаған.

21 жастағы қыз 130 мың долларды үптемес бұрын алдымен сейфтен үй иесінің 10 мың АҚШ долларын ұрлап алып, оған шетелде демалып  келген көрінеді.

Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау ПБ-ның “102” жедел арнасына облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны телефон соққан. Ол үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ доллары жоғалғанын, бұл шамамен 61 млн. 100 мың теңгені құрайтынын хабарлаған.

Жәбірленушінің арызы бойынша полицейлер дереу қылмысты ашуға кіріскен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. – Ол жәбірленушінің үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы қыз болып шықты. Күдіктінің айтуынша, тамыз айының басында ол сейфтен алғаш рет 10 000 АҚШ долларын ұрлаған және осы ұрланған ақшаға шетелде демалып келген. Демалыстан оралған  қыз үй иелері ақшаның жоғалғанын байқамағанын түсінген, әрі қарай ештеңе болмағандай сол үйде жұмысын жалғастырған. Бір айдың ішінде ол арам ойын ары қарай жалғастырып, үй иесінің сейфінен 130 000 АҚШ долларын алып шыққан. Бір ақ күнде байып кеткен қыз бұл ақшаға  үйлену тойын жасаған, пәтер және көлік сатып алған.

«Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» етіп, қылымысы ашылмай қалады деп үміттенген  21 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 4-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button