Қоғам

«Бір қабатты Шығыс» аясында тағы 147 үй салынады

Ержан Әбіш

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Президент тапсырмасына орай ауылдарда 147 көпбалалы және аз қамтылған отбасы үшін үйлер салу басталатынын мәлім етті.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында баспаналардың бірнеше ұтымды жобасы әзірленген. Олар бойынша салынған үйлер жайлы, жылы әрі орналасуы да ыңғайлы.

Бүгінде Тарбағатай ауданында 48, Зайсан ауданында 41, Ұлан ауданында 21, Күршім ауданында 14, Алтай, Катонқарағай, Шемонайха аудандарында бес-бестен, Самар, Глубокое аудандарында төрт-төрттен көпбалалы отбасы тұрады.

– Аталған аудандардың әкімдеріне осы отбасылармен кездесуді тапсырдым. Жобаларды дайындау қажет. Құрылысқа арналған учаскелерге коммуникация тартылуы шарт. Өңірдің құрылыс компанияларында осындай үйлерді салу тәжірибесі бар, – деді облыс әкімі.

Жақын арада өтетін келесі кеңесте 147 үй құрылысының басталу мерзімі белгіленбек.

Осы айдарда

Back to top button