Қоғам

Бір ғана реанимациялық палата қажет

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тек пациенттердің құқын қорғаушы ғана емес, сонымен қатар қызметтерді стратегиялық сатып алушы болып табылады.  Бір ғана реанимациялық палатыны ашу арқылы кардиологиялық науқастарды оңалту мәселесін толық шешуге болады екен.

– Бізде оңалту орталығында нейрохирургия, травматология, кардиология бөлімшелерінің науқастары қалпына келтіруден өтеді. Мен осылардың ішінде кардиологиялық пациенттердің үлесіне талдау жасап көрдім. Олардың бар болғаны 1,3 пайызы ғана оңалтуға жіберіледі екен. Неге дейсіз ғой? Өйткені кардиологиялық науқастарды оңалту стандартына сәйкес, орталықта міндетті түрде бір реанимациялық палата болу керек екен, ол бізде жоқ. Жүрегіне ота жасатқан адамға жаттығу кезінде артық күш түсіп кетсе, сақтық үшін оны құтқаратын реаниматолог, арнайы жабдықталған орын болуы шарт. Осы бір ғана палатаның жоқтығынан жүрегіне ауыр ота жасатқандарды оңалту үшін республикалық клиникаларға жолдап отыр. Бізде жүрек-қан ауруларынан болатын өлім деңгейі жоғары орында. Осындай науқастарды толық сауықтыру үшін бар болғаны бір ррезервті палата қажет екен. Қор соны жабдықтауға қаражат та беруге дайын. Көрсететін қызметтерінің көлемін ұлғайтқысы келетін оңалту орталықтарының басшыларына айтарым біреу – кардиологиялық науқастарға жағдай жасаңыздар, ақша шетке кетпей, өздеріңізде қалады, – деп нақтылады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының басшысы Ғалымжан Әбілов.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button