ТОП

Білім саласына ерекше көңіл бөлінеді

Құрметті жерлестер! Құрметті балалар, мұғалімдер және ата-аналар!

Бүгін біз Білім күнін атап өтудеміз, Шығыс Қазақстандағы 342 мектептің есігі 95 мыңнан астам оқушыға айқара ашылып отыр, оқушылардың 10 мыңға жуығы өмірлеріндегі алғашқы сабақтарына қатысты.

Аймақтағы білім беру саласына жіті көңіл бөлінуде, барлық мектептерде ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді, асханалар жұмыс істейді, оқулықтардың толық жиынтығы және мектеп автобустары бар. Барлық үйірмелер мен секциялар да қызмет етіп тұр. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына келер болсақ, олар оқу процесіне қажет барлық құрал-жабдықтарды, оның ішінде киім-кешек пен аяқ киімдерді алды. Осы жылы бірден төрт жаңа оқу орны пайдалануға берілмек, олар – Риддер қаласында (мұнда 30 жыл бойы мектеп салынбаған), Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде, Күршім ауданының Ұранқай және Жолнұсқау ауылдарында орналасқан. Басқа елді мекендерде де мектептер салынуда. Облысымызда бірде-бір үшауысымды мектеп жоқ екенін, ал биыл олардың барлығы бескүндік оқу аптасына ауысатынын және балалардың спортпен шұғылдануы мен хоббилері үшін екі толық демалыс күні болатынын атап өткен жөн.

1-ші қыркүйекте біз мектепте оқыған жылдарымызды және алғашқы мұғалімдерімізді қуанышпен сағына еске аламыз. Осы ерекше мерекеде шәкірттерге сәттілік пен жақсы бағалар, ұстаздарға шығармашылық шабыт пен өз жұмыстарына деген сүйіспеншілік, ал ата-аналарға шетте қалмай, өз балаларына қолдау көрсетуді тілегім келеді.

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

 

Осы айдарда

Back to top button