Қоғам

Биахмет Сәрсеновтің есімі берілді

Биахмет Сәрсеновтің есімі берілді

Жәнтікей ауылындағы үлкен көшенің біріне Алаштың ардақты ұлы Биахмет Сәрсеновтің есімі берілді.
Биахмет Сәрсенов кезінде Ахмет Байтұрсыновтың сенімді серігі болған адам, Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіріп, ауыл мектептерінде ағарту жұмыстырын жүргізген, талай мұқтажға қамқор болған жан. Тіптен, А.Байтұрсынов халық ағарту комиссары болғанда оның орынбасары қызметін осы Биахмет Сәрсенов атқарыпты.
Жуықта қайраткердің ұрпақтары Шегедековтер әулеті ауылдың орталық көшесіне бабаларына арнап ескерткіш тақта орнатты.
Сондай-ақ, жақында Екпін ауылындағы орталық көшенің біріне тағы бір Алаш арысы Отыншы Әлжановтың есімі берілді. Бұған қоса, алдағы жылы аудан орталығында «Алаш арыстары» аллеясы да ашылмақ.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button