Бейбіт атомды дамытудағы еңбегі ерекше

Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Эрлан Батырбеков «Қазақстандағы жаңа 100 есім» жобасына лайық тұлғаның бірі. Ол жақында Оңтүстік Азияның геосаяси мәселелерін назарға ұсынған халықаралық деңгейдегі «Жаңа бағыт: түрлі пікірлер және жан-жақты көзқарас» атты форумға қатысып келді.
Эрлан Батырбековтің айтуын¬ша, форум барысында эко-но¬микалық интеграция, көпжақ¬ты әріптестік, ха¬лық¬¬арବ¬¬лық жағдайдағы өз¬ге¬ріс¬тер, аймақтағы қауіп¬сіз¬дік мә¬¬селелері кеңінен тал¬қы¬лан¬ған. Эрлан Ғаділетұлы «Will Energy Trump Climate?» ат¬ты пікірсайысқа қатысып, тың ой¬ларын ортаға салған. Дебат ба¬рысында талқыланғандай, былтыр қазан айында Қазақстан тарапынан Париж ке¬лісімшарты бекітілген. Осы ар¬қылы әлемдік саясатта, оның ішінде экономикалық сая-сатта Қазақстан өзінің тө¬мен көміртекті дамуға көшу ар¬қылы әлемдік экономиканы көміртексіздендіру жө¬нін¬дегі жаһандық саясатты ұс¬та¬натынын мәлім еткен.
– Мұның барлығы да¬ Елбасы Нұрсұлтан Назар¬бае¬в¬¬¬тың тапсырмасымен жа¬сыл энергия көзін дамыту, атом¬ды бей¬біт бағытта насихат¬тау барысында атқарылып жат-қан шаруалардың бірқатар легі, – дейді Эрлан Батырбеков. – Елбасымыз Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен «Бо¬ла¬шақтың энергиясы» атты Б¬ү¬кіләлемдік саммитте атом энергетикасының ма¬ңы¬з¬¬-дылығын айрықша атап айт¬ты. Бейбіт атом қол¬да¬ну¬да Қазақстан дүние жү¬зін¬де көшбасшылардың бірі бо-лып отыр. 2015 жылы МАГАТЭ әлемдегі алпауыт мем¬лекеттердің қолдауымен еліміздің аумағында төмен байытылған ядролық отын банкін құру туралы шешім қабылдады. Мұны атом энергетикасын дамытамын деген мемлекеттерге арналған кө¬мек деп те айтуға болады. Бүгінде бүкіл әлемде уранның орнына торийді қолдану мәселесі де талқылануда екен. Бұл атом саласының тиімділігі жо¬ғары болуына ықпал етуі мүмкін. Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесінде хବлық назарына осы бағытта ат¬қарылған жетістіктер дең¬¬гейі көрсетілді. «ЭКСПО-2017» көрмесі ар¬қы¬лы әлемдік энергетика қай ба¬ғытта дамып барады, соны ай¬қындадық.
Шетелдік ғалымдармен бірге жаңа жобаларды қолға алдық.
Эрлан Батырбеков бастаған Ұлттық ядролық орталық ұжымы Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да халықаралық құрылымдар ауқымында сындарлы жұмыстар атқарды.
– Жақында біз АҚШ-тың «Арагон» ұлттық зертханасымен бірлесіп, реакторлардағы отынның құра¬мын араластыру жөніндегі зерттеу жұмыстарымызды бастадық, – дейді Эрлан Ғаділетұлы, – бұл жоба аясында ҰЯО ғалымдары ресейліктермен де бірлесіп, үш рет тәжірибелік жұмыстар өткізді. Қа¬зақ¬стандық ға¬лымдар АЭС-ті дамытуда өзге де шетелдік ғалымдармен бірлесіп, тың жұмыстарды қолға алып жатыр. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы екенін ұмытпаған жөн. Біз Президенттің ұсынысы бойынша Семей сынақ полигоны алаңының радио¬экологиялық тазалығын жақ¬сартуды басты міндет деп санаймыз. Қазақстандық атом энергетиктері «Сайга» жобасы бойынша француздармен бірлесіп жұмыс істеуде. Мұнда жоғары жылдамдықтағы нейтронды реакторлардың қауіпсіздігі қарастырылып жатыр. Француздармен бірлесіп қарастырылып жатқан тағы бір жобаның бірі – реакторлардың басқа да тиімді түрлерін игеріп, қолданысқа шығару, осы арқылы әлемдік ғылымды бір қадам болса да ілгерілету. Мемлекет жарқын болашаққа қадам жасап отыр. Жетістікке жетелейтін жоспарлар баршылық, оларды жүзеге асыру – біліктілердің ғана қолынан келетін іс. Президентіміз қашан да халықтың ізгі тілектерін, армандарын жүзеге асыруға ұмтылуда.
Айта кету керек, құрамына ҰЯО кіретін Ядролық қарусыз қоғам Қазақстан тәуелсіздігін енді ғана жариялаған тұсында пайда болды. Қауымдастық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздікті нығайту бойынша бастамасын алға бастыруды өз алдына басты мақсат етіп ұстанды. Қазақстанның ядролық қарусыз қоғамы ширек ғасырға жуық жұмысында тек елімізде ғана емес, шет елдерде де кеңінен танылды.
– Әрине, біздің саламыз бойынша Ұлттық ядролық орталықтың жұмысын ерекше ілгерілетіп отырған Эрлан Батырбековтің еңбегі зор. Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ мен Қазақстанның ядролық қоғамы кәсіпорындарының бірлескен жұмыстары ішінде Эрлан Ғаділетұлының да қосқан үлесі бар, айрықша назар аударуға тұрарлық, – дейді «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Жданова, – жақында біздің ұйымдастыруымызбен Астанада «Қуат, су және химия» деп аталған инновациялық мектебінің V халықаралық конференциясы өтті. Шараға қазақстандық және шетелдік сарапкерлер, ғалымдар, студент жастар қатысты. Инновациялық мектеп, аты айтып тұрғандай атом энергетика саласы бойынша көптеген ғылыми, жаңашыл, игі істердің басын қайыруда.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ мен «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы бірлескен тұрғыда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алған екен. Уран кеніштеріне жақын маңдағы ауылдарға барып дәрістер оқылады. Өңір тұрғындарымен кездесулер, мектептер мен арнаулы оқу орындарында интерактивті сабақтар өткізу тұрақты түрде жүргізіледі. Уран өндірілетін аймақтарда тәуелсіз экологиялық сараптамалар жүргізу де қолға алынған. Ауыл тұрғындары көрсеткен жерлердегі судан, топырақтан және ауадан сынама алынып, соңынан зерттеу нәтижелері халыққа жеткізіледі. Экологиялық ұйымдардың өкілдері үшін арнайы экологиялық турлар ұйымдастырылады. Олардың қатысушылары кеніште жұмыс істейтін мамандарға сұрақтар қоюмен бірге, уран өндірілетін өндірістік полигонда болып, барлық қажетті нормалар және ережелерге сай уран өндіріліп жатқанын көзбен көруге де мүмкіндік алады.
Энергетика министрлігінің атом жобаларын дамыту департаментінің директоры Батыржан Қаракөзов бұл тұрғыда былай деді:
– Қазақстанның атом өнеркәсібі саласының әлемдік маңызы бар. Мұнда жоғары технологиялық құрылымдар іске қосылады. Елбасымыздың атом қаруынан бас тартуға орай айтатын пікір-ұсыныстары мен баяндамаларында да осы мәселе тереңінен қозғалады. Соңғы 20 жылда МАГАТЭ-мен әріптестік байланыс орнату атомэнергиясын біздің елімізде бейбіт мақсатқа жүйелі пайдалануға жол ашты. Ресейлік әріптестермен бірге бастаған Ұлттық ядролық орталықтың Токамак жобасы да ауыз толтырып айтарлықтай дүние.
– Айта кету керек, алдағы уақытта еліміздегі тұңғыш атом электр стансасы аса қауіпсіз, ең соңғы технологиялар бойынша салынуы тиіс, десек те, бұл әлі бірнеше мәрте қарап, толық зерттеп барып қана қолға алынатын жобаның бірі. Бұл туралы Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталықтың директоры Эрлан Батырбековтің жетекшілігімен өткен «Ядролық және радиациялық физика» халықаралық конференцияда кеңінен талқыланып, озық ойлар, жобалар ұсынылды. Атом электр стансасын салуда мол тәжірибесі бар Франция, Жапония, Қытай, Ресей сияқты мемлекеттердің өкілдері өз жобалары туралы айтып, елімізге өздерінің тың дүниелерін ұсынуда. Бірақ әзірше Қазақстан тарапы қуаты мен құрылымы жағынан қандай станса салу жөнінде нақты шешім қабылдаған жоқ. Айта кетер бір мәселе, «ЭКСПО-2017» көрмесінде атомшылар болашақтың қуат көзі қандай болады деген мәселені іс-тәжірибе жүзінде көрсетіп, көрме барысында халық назарына ұсынды.
Раушан Нұғманбекова
Курчатов.