Бейбіт өміріміздің темірқазығы
Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – даңқ пен өшпес ерліктің, қаһармандық пен батылдықтың, қайсарлықтың жарқын мерекесі. Фашизммен күресте жанқиярлық танытқан ардагерлерімізді құрметтейтін ұлық күн.
Тарих қойнауында есімдері алтын әріппен жазылған ардагерлеріміз – батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.
Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз бүгінгі бейбіт өміріміздің темірқазығы.
Әрдайым зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!
* * *
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын, ұлт тұтастығын қорғап жүрген айбынды азаматтарымызды ұлықтайтын күн. Отанға қалтқысыз қызмет етіп, азаматтық және әскери борышын адал атқарып жүрген сарбаздар – ел берекесінің кепілі. Мемлекетіміздің көркейіп, шекара шебін күзетіп, ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтап жүрген Сіздердің еңбектеріңіз қашанда өлшеусіз. Әрдайым қуатты әскеріміз бен ұлттық Ұланымыздың абыройы асқақтай берсін!
Осынау айтулы күнде барлық Отан қорғаушыларға зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін!
Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болсын!
Даниал Ахметов,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі