Қоғам

Бейбіт жиналыстар салдарсыз өтуі тиіс

Ержан Әбіш

2020 жылы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң қабылданды. Осы маңызды құжатқа байланысты азаматтардың митинг өткізуіне мемлекеттік органдар тыйым сала алмайды. Заңда халықаралық тәжірибелер ескерілген. Бейбіт шеру ұйымдастыруға бекінгендер әкімдіктен бұрынғыдай рұқсат сұрап жүрмейді. Бірақ жергілікті билік өкілдерін 5 күн бұрын ескертіп қоюы керек.

Бейбіт жиналыс күш қолдануды көздемейді, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейді, Қазақстан азаматтары тарапынан жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу формасында өткізіледі.

Осы заңға сай жиналыстар, митингілер мен пикеттер ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген. Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін 5 жұмыс күні бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама береді, ол үш жұмыс күні ішінде оны қарауға тиіс.

– Осы мерзім өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда ұйымдастырушы бейбіт жиналыс өткізеді. Демонстрациялар мен шерулер үшін келісу тәртібі белгіленген. Өтініш іс-шара өткізілетін күнге дейін он жұмыс күні бұрын беріледі.

Жергілікті атқарушы орган жеті жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Осы уақыт ішінде ұйымдастырушы және жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және қауіпсіз өткізу, оларға қатысушылардың денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасайды. Бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі керек, – дейді Шығыс Қазақстан көлік прокуроры Е. Төлеген.

Белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-ші бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алуға дейінгі жауапкершілік көзделген.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның не мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, Қылмыстық кодекстің 400-ші бабына сай 50 тәулікке дейін қамаққа алуды көздейтін қылмыстық жауаптылық туындайды.

Осы айдарда

Back to top button