Қоғам

Бесқарағайда ардагерлерге құрмет көрсетілді

Бесқарағай аудандық Jas Otan Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ардагер time» жобасы ұйымдастырылды.

– Аудан орталығындағы ардагер ұстаздар мен тыл және еңбек ардагерлерінің үйіне қолдау көрсету мақсатында барып, құрмет көрсетіп қайтты. Бұл жоба жастарды патриоттық тәрбиеге және қайырымды болуға шақырады, – деді белсенді Ерсін Мұратханов.

Сонымен қатар ауыл ардагерлерінің үйін тазалап беріп, тәттілер сыйлады, өнегелі өмір жолдарынан әңгіме өрбітті.

– Біз Қазақстан Республикасының жасотандықтары әрқашан үлкенге құрмет,  кішіге ізет көрсетуге әзірміз. Бүгінде тұспа-тұс келіп отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «30 игі іс» жасаудамыз, – деді Jas Otan Жастар қанатының жергікті жетекшісі Жан Алжанов.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button