Қоғам

Бесқарағай ауданында 19 жастағы қыз жоғалып кетті

Бесқарағай ауданының тұрғыны Наталья Пашкеева 3 қыркүйек күні кешкі сағат 20.00 кезіне үйінен  шығып кетіп, қайтып оралмапты. Араға екі күн салып Натальяның анасы «102» каналына хабарласып қызының жоғалып кеткені туралы айтқан.

Қазіргі уақытта жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

–        Қызды іздеуге полиция қызметкерлерімен қоса волотентерлер де тартылған. Наталья Пашкееваның бойы 170 сантиметр, ақшыл сары шашты. Жоғалған күні үстіне сұр түсті жемпір мен көк шалбар және ақ кроссовка киіп кеткен. Егер қандай да бір ақпарат білетіндер болса «102» арнасына немесе 8 747 349 57 17 нөміріне хабарласуларын сұраймыз, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы айдарда

Back to top button