Қоғам

Бесінші түлікке мемлекеттен субсидия бөлінбек

Бесінші түлікке мемлекеттен субсидия бөлінбек


Шығыста бесінші түлік саналатын марал санын көбейтіп, аталған саланы өркендету үшін биыл республикалық бюджеттен субсидия бөлінетін болды.

Катонқарағай ауданында өткен Күршім, Катонқарағай, Зырян, Зайсан аудандарындағы марал шаруашылықтары басшыларының кездесуінде республикалық маралшылар палатасының төрағасы Нұрлан Тоқтаров әріптестеріне осындай жағымды жаңалықты жеткізді. Төр Алтайда бастары тоғысқан маралшылар марал шаруашылықтарына мемлекеттен берілгелі отырған осы субсидияларды бөлудің, мақсатты пайдаланудың жолдарын, саланы дамытудың болашағын талқылады.

Осы уақытқа дейін облыс бюджетінен марал шаруашылықтарына там-тұмдап беріліп келген субсидия енді мемлекеттен, республикалық бюджеттен бөлініп қана қоймай, ол барлық шаруашылықтарға, жоғары өнімді аналық малдың әр басына төленбек. Бұрын субсидияға асыл тұқымды деген мәртебесі бар марал шаруашылықтары ғана қол жеткізе алған болатын. Аналық малдың тектілігі жыл сайын ғылыми қызметкерлермен бірлесе сұрыпталмақ. Бұл орайда маралшылар селекциялық жұмыстарға, марал тұқымын асылдандыруға баса мән беруі керек.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button