Бесқарағай ауданында – жаңа басшы
Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВТІҢ өкімімен Бесқарағай ауданының әкімі болып Нұржан Тоқсейітов тағайындалды. Бұған дейін ол Зырян ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ветеринария басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл өңірдің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, осы қызметке агроөнеркәсіп кешенін, жалпы ауыл шаруашылығы саласын жетік меңгерген адамның таңдалғанын атап өтті. «Бұл адам еңбек жолын осы Бесқарағай ауданында бастаған. Сонымен қатар ол мамандығы бойынша мал дәрігері, агроном, демек, өмірлік тәжірибесі мол», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Нұржан Тоқсейітов 1960 жылы Бесқарағай ауданының Өндіріс ауылында дїниеге келген, еңбек жолын «Семенов» кеңшарында жұмысшы болып бастаған.
1981 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтына оқуға тїседі. Институтты тәмамдағаннан кейін төрт жыл мал дәрігері болып жұмыс істеп, 1990 жылы Мәскеу қаласындағы Я.Коваленко атындағы Бїкілресейлік ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелі ветеринария аспирантурасына қабылданады. Оқуды аяқтаған соң осы институтта еңбек жолын ғылыми қызметкер ретінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғағанға дейін жалғастырады.
1994 жылы Мәскеу қаласындағы бірлескен ресей-венгр кәсіпорнына жетекші маман болып жұмысқа орналасады. 1995-1998 жылдары «Семей-Агро» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ, «Кен-Холдинг» ЖШС сияқты кәсіпорындарды басқарды.
2000-2003 жылдар аралығында облыстық жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасының басшысы болды. Одан кейін 2008 жылға дейін Алматы қаласындағы «Алрун» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
2008-2010 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.
2010 жылдан 2015 жылға дейін Зырян ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Їстіміздегі жылдың сәуірінен қазан айына дейін облыстық ветеринария басқармасының басшысы болды. Нұржан Тоқсейітовтің әр саладағы еңбегі тїрлі наградалармен және грамоталармен бағаланған.
Облыстық ақпарат орталығы