Сайлау-2022ТОП

Бес жүзден астам сайлау учаскесі жұмысын бастады

Облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, бүгін Шығыс Қазақстан облысында барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия бар, деп хабарлайды didar-gazeti.kz

Бұл аталған комиссиялардың 3609 мүшесі, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының 84 мүшесі және учаскелік сайлау комиссияларының 3525 мүшесі жұмыс істейді.

Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден бастап 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бүгін өңірімізде сайлау құқығы бар 500 мыңға жуық шығысқазақстандық дауыс бере алады. Олар таңғы 7.00-ден өз дауыстарын қалаған кандидаттарына беруді бастап кетті. Дауыс беру барысын бақылауды қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарының бақылаушылары жүзеге асыруда.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 537 сайлау учаскесі құрылды, оның 32-сі азаматтар уақытша болатын жерлерде ашылған.

 

Осы айдарда

Back to top button