Қоғам

Берелдегі жәдігерлер көрме қойылмақ

Берелдегі жәдігерлер көрме қойылмақ
«ЭКСПО-2017» көрмесіне «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы да қатысады.
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Берел» қорық-мұражайының ұжымы қорғандардан табылған жәдігерлерді көрмеге қоймақ. Мұндағы мақсат – алыс-жақын шетелдерден келген меймандарға сақ заманындағы өркениет пен мәдениеттің дамуын айта келе, еліміздің тарихы тереңнен басталатынынан ақпарат беру. Осыған орай қазіргі таңда арнайы мамандар Берел жәдігерлерінің көшірмесін жасау жұмыстарымен айналысып жатыр.
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған ұлттық мүдде осы көрмеден айқын көрініс табуы керек. Сондықтан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне үлкен дайындықпен жолға шықпақпыз.

Алмас Сарбасов,
«Берел» қорық-мұражайының қызметкері.

Осы айдарда

Back to top button