Қоғам

Береке-бірлікке тәнті болдық

         Қазақтың  үлгі-өнеге болар салт-дәстүрін заман талабына сай ұйымдастырудың берері мол. Үржар ауданы орталығында  «Еңбегі жанған ер Қаден»  атты іс-шара ұйымдастырылды. Қарапайым еңбек адамы  Қаден ақсақалдың өмірден озғанына он жыл толуына орай ас берілді.

Алакөл демалыс аймағындағы «Жағалау үйінде» сонау Шымкент, Түркістан, Алматы, Нұр-Сұлтан, Кереку, Өскемен, Семейден келген қонақтар орналасты. Алманың отаны саналатын Үржар өңірінің табиғаты тамылжып тұрған киелі мекен екен. Ақындар айтысы өтті. Бас бәйгені          Рүстем Қайыртаев жеңіп алса, І орын  Серік Қуанған, ІІ орынды  Ақбаба Ардабек,  ІІІ орынды  Гүлжан мен Баян есімді ақындар  алды. Сегіз ақынға ынталандыру сыйлығы берілді.  Тарбағатай ауданынан барғандар осы істің бар жауапкершілігін атқарып жүрген үржарлық  кәсіпкер Құрманғазы Қаденұлына екі рет мінгізсе, Марат Мағжайып «Бұрынбет би» төсбелгісін тақты. Көрермен, қонақ ретінде айтарым, үржарлықтардың береке-бірлігіне тәнті болдым. Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің іс-шараға қатысып, ел-жұртымен бірге болғаны  риза етті. Қонақтар емдік қасиеті бар Алакөл шипажайында демалып қайтты.

Әлімбек Нұрмухамедов, зейнеткер ұстаз

Осы айдарда

Back to top button