Қоғам

Беларусьте олжа салды

Беларусьтің Гомель қаласында бокстан КСРО-ның абсолютті чемпионы Алексей Юковты еске алуға арналған халықаралық турнир өткен болатын.

Бұл сынға әлемнің түкпір-түкпірінен келген боксшылармен қатар, қазақстандық былғары қолғап шеберлері де қатысты. Арасында жерлесіміз Бекзат Ерхат та болды.

Жарыс барысында 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз қарсылас шақ келтірмей, нәтижесінде турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Осы ретте, Аягөз спорт мектебінің түлегі, 18 жастағы Бекзат Ерхаттың жеңісіне оның алғашқы жаттықтырушысы Қ.Бөлековтың қосқан үлесі зор болғанын айтқан ләзім.

Жалпы, Беларусь жеріндегі сайыстың қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болғанын айту керек.

Осы айдарда

Back to top button