Экономика

«Беларусқа» тапсырыс арта түсті

Семейдегі «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрастырып шығарған «Беларус» тракторына деген сұраныс жыл санап артып келеді.

«Беларусқа» тапсырыс арта түстіАуыл шаруашылығындағы науқандық жұмыстарды дер уақытында атқару барысында қуаты жоғары, басқару тетіктері толықтай автоматтандырылған «Беларус» тракторын қолдану аса тиімді болып отыр. Бұл тракторға тасымалдауға жеңіл түрлі тіркемелерді де өздері құрастырып шығарып жатыр.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы биылғы көктемгі егіс науқанын сапалы әрі нақтылы уақытында өткізу үшін «СемАЗ» ЖШС жасап шығарған отандық құрастыру өндірісінің 300-ден астам «Беларус» тракторын сатып алуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда осы мақсатта жалпы құны 35 млн. теңгеден астам 27 «Беларус» тракторын сатып алу үшін келісімшарт жасалған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ алдағы уақытта жалпы құны бір миллиард теңгеден астам «СемАЗ» ЖШС зауытының техникасын ірі жер иеленушілерге лизингке беру арқылы машина-трактор паркін жаңартуды межелеп отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button