Қоғам

Бекзаттың жүлдесін сарапқа салды

Қопа ауылында дзюдо мен самбодан спорт шебері, Азия чемпионы, Кореяда өткен дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы, 2019 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Манасбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында аудандық «Қопа барысы» турнирі өтті.

Турнирде ауданның түкпір-түкпірінен келген жас балуандар бақ сынады. Бекзатпен бірге турнирге Қуаныш Исқақов, Саят Шәмшиев, Мұхит Тұрсынов сынды белгілі азаматтар құрметті қонақ ретінде қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен балуандар медальдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұдан кейін ауыл спортының өркендеуіне зор үлес қосқан ардагер ұстаз Талғат Сәлімжанұлы, ауыл әкімі Нұрлан Асқарұлы, С.Сейфуллин атындағы жергілікті мектептің директоры Маниса Әбілқасымқызы сөз алып, келген қонақтарға алғыс білдірді.

Н.Тұрысбекова

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button