Қоғам
Бақылау камералары орнатылады
Ағымдағы оқу жылынан бастап барлық қала мектептерінде бейнебақылау камералары орнатылады.
Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Мәдениет Ахметованың айтуынша, бейнебақылау камералары ведомствоға қарасты барлық білім ошақтарында орнатылады.
– Мониторлар тәулік бойы жұмыс істеп тұратындықтан мектеп ішіндегі тәртіпті қадағалап отыруға да тиімді. Ең бастысы, бұл – оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Осы бейнебақылау камералары арқылы мектептердің кіреберісінен бастап ішкі дәлізіне дейін бақыланатын болады, – дейді бөлім басшысы.
Айта кетейік, қазір қала мектептерінде 645 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Соның 201-і биыл орнатылған.
Семей