Қоғам

Байланыс қашан ретке келтіріледі?

Жаңаталап ауылында интернет байланысы қашан қалпына келеді? Ауылға жақындай бере Қытайдың операторы қосылып, телефонымыздағы ақшаны әп-сәтте қағып алады.

 Қуаныш Тоқтарбеков, Тарбағатай ауданы

Сіздің сұрағыңызға Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев  жауап берді:

– Қазіргі уақытта Жаңаталап, Ахметбұлақ және Жаңаауыл елді мекендерін интернет байланысымен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларды сапалы интернетпен қамту мақсатында біз екі қабылдағыш құрылғы орнатудың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауды бастадық. Аталған жұмыстарды биыл аяқтасақ екі қабылдағыш орнатамыз. Техникалық тұрғыда үшінші қабылдағыш орнату керек деген ұсыныстар айтылып жатыр. Оны Зайсан ауданының Шілікті ауылына жақындау орнатсақ, осы арқылы  біз аталған үш ауылды ғана емес, сонымен қатар, Асусай, Қамысты және Жалаңаш ауылдарын да интернет байланысымен қамтитын боламыз.

Бүгінгі күні, аудан орталығы болған Ақжар ауылындағы интернет байланысы сын көтермей жатады. Қазіргі уақытта біз бұл бағытта Картел, Kcell, Алтел компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сондықтан ауданымыздағы интернет мәселесі алдағы уақытта өз шешімін табады деген сенімдемін.

Осы айдарда

Back to top button