Қоғам

Баукең Бекбаевтың бақшасында әлі тұр

Баукең Бекбаевтың бақшасында әлі тұрБауыржан Момышұлының граниттен қашалған мүсіні Үржардағы бір үйдің ауласында тұрғанына екі жыл болды

Даңқты батырымыз Қасым Қайсеновтың Өскемендегі мүсіні бір бұрышта, жанармай бекетінің күзетшісі секілді тұрғанына қынжылып жүрсек, Бауыржан батырдың тас мүсіні ауладан әрі аса алмай тұр. Айырмашылығы- Қасым Қайсенов облыс орталығында болса, Бауыржан батыр Үржар ауылындағы мүсінші Оразамбай Бекбаевтың ауласында тұғырына қонар мезгілді сарғая күтуде.

Мәселенің мәнісі мынада. Үржар аудандық, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттарының шешімімен 2009 жылы аудан орталығындағы Крупская атындағы орта мектепке Абылай хан, Горький атындағы орта мектепке Бауыржан Момышұлы есімдері берілген болатын. Берілгенде де тек қағаз жүзінде. Алайда, мәселе Астанада шешіледі екен. Әлгі өтінім қағаздар Елордаға жіберіліп, қайта оралмағасын, Баукең де өз тұғырына қона алмай Бекбаевтың алма ағашының саясында «дамылдап» отыр. Ал мұндағы жергілікті жұрттың күте-күте төзімдері таусылуға таяу. Анталаған жаудың бетін қайтарған Бауыржан сынды батырдға қойылар мүсіннің тағдыры бүгін бір жапырақ қағазға байланып отыр ма сонда?

Биік тұғырдан төмендегілерге қасқая көз тігіп тұруға тиісті Бауыржан батырдың мүсіні мүсіншінің ауласында тұрғанына екі жыл болған екен. Батырдың аруағын бұдан артық қорлауға болмайтын шығар.

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button