Қоғам

Батылдық пен шыдамдылықтың ерен үлгісі

Құрметті жерлестер!

23 маусымда елімізде Қазақстан полициясы күні аталып өтіледі. Биыл – мерейтой, мемлекеттік құқық қорғау органдарымыздың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – біздің өмірімізді, денсаулығымыз бен дүние-мүлкімізді қорғап, күн сайын тәртіп пен заңдылықты сақтайтын адамдардың кәсіби мерекесі. Біздің полицейлер батылдықтың, шыдамдылық пен қайсарлықтың ерен үлгісі екені күмәнсіз. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан полициясы күрделі кезеңдерден өтіп, кемелдене түсті. Олардың қоғамдық тәртіпті, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі өлшеусіз. Біздің полицейлер қоғам мен мемлекеттің мүддесін, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өздерінің азаматтық және қызметтік борыштарын алдағы уақытта да абыроймен атқара береріне сенімім мол. Барша шығысқазақстандықтар атынан тәртіп сақшыларына ерен ерліктері, кәсіби адалдықтары мен қалтқысыз қызметтері үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздерге және отбасыларыңызға мол табыс, мықты денсаулық пен амандық тілеймін! Қазақстан полициясының күні құтты болсын!

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

 

Осы айдарда

Back to top button