Басты құндылықтардың символы
Құрметті жерлестер!
Бүгін еліміз мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Ту, Елтаңба және Әнұран – бұл тәуелсіз мемлекеттің басты айырым белгілері және биыл төл рәміздеріміздің бекітілгеніне 30 жыл толып отыр.
Осы жылдар ішінде олар еліміздің іргетасына айналған басты құндылықтардың – бейбітшілік пен ашықтықтың, келісім мен ауызбіршіліктің символына айналды. Әрбір азамат, өз елінің әрбір патриоты мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, оларға Отанымыздың бейнесі ретінде қарауға міндетті.
Тәуелсіздіктің 31 жылы ішінде Қазақстан дербес экономиканы қалыптастыру, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жолында ауқымды жұмыс атқарды және біз осы жетістіктермен тоқтап қалмаймыз.
Мемлекеттік рәміздер күні еліміздің барша азаматтарына мықты денсаулық, баянды бақыт, толағай табыс және жаңа жеңістер тілеймін. Мереке құтты болсын!
Даниал АХМЕТОВ,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі