Басты назарда – халық
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы, Қоянды ауылында сайлаушылармен кездесті.
Әуесбаевтың пікірінше, қатардағы қазақстандықтар жыл өткен сайын кедейленіп бара жатыр. Азық-түлік бағасы шарықтап өсіп, халықтың несиеге тәуелділігі күшейген. Ұлттық банк банкирлерді байытып, базалық мөлшерлемені жоғарылатуда. Үміткер Ұлттық банк саясатын қайта қарау қажеттігіне тоқталды. Басты назарда олигархтар емес, халық тұруы тиіс.
Айтқандай, Қояндыда жол, ауызсу секілді шешілмеген мәселелер көп. Нұрлан Әуесбаев атап өткендей, партия барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды енгізуді талап етеді. Сонда ғана жергілікті атқарушы органдар халық үшін жұмыс істейтін болады.
Нұрлан Әуесбаев республикалық сайлауалды штабында құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағдары адам екенін жеткізді. Үміткер атап өткендей, мемлекет жасақтаған әлеуметтік лифттерден пайда жоқ. Сол себепті әлеуметтік қолдау жүйесін құру маңызды.
Сонымен қатар кандидат еңбек қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды.