ТОП

«Бастау Бизнес» жобасына – бес жыл

Азамат Темірбеков

Халықтың кәсіп ашып, өз ісін дөңгелентуіне қолғабыс еткен «Бастау Бизнес» жобасының басталғанына бес жыл толды.

– Өткен күзде халық арасында танымал «Бастау Бизнес» жобасының басталғанына бес жыл толды. Осы жылдар ішінде облыстық кәсіпкерлер палатасы 13 116 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытса, олардың 25 пайыздан астамы өз кәсіптерін ашқан. Сонымен қатар 2 905 адам жеңілдетілген шартпен несие,  4 097 сертификат иесі мемлекеттен қайтарымсыз грант алды. Ал былтыр аймақ бойынша 1 944 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.

Кәсіпкерлерге көрсетілетін сервистік қызмет жайлы айтар болсақ, 2021 жылы Өскемен және Семей қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары 1 400-ден астам қызмет көрсеткен екен. Облыстың қалалары мен аудандарында кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халықты ақпараттық қамтамасыз ету бағыты бойынша 14 мыңнан астам қызмет көрсетілген.

 

Осы айдарда

Back to top button