БілімТОП

Мектеп асханаларының дайындығы ерекше бақылауға алынады – ШҚО

ШҚО-да аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.

Күн тәртібінде білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жиын барысында мектеп асханаларының дайындығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алынуы керектігі сөз болды. Балалардың білім алуына жағдай жасаумен қатар, тәрбие жұмысының рөлін арттыру қажеттігі баса айтылды. Қазіргі таңда бұл бағыт ювеналды полиция өкілдерінің қатысуымен әзірленуде.

Сондай-ақ ата-аналар қауымдастығына ТӘОТ санатындағы 19 мың оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан мектеп формасын алу механизмін түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы талқыланды.

Айта кетелік, биыл 1-4 сынып оқушыларының барлығын тегін тамақпен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button