Баспанасыз қалғандарға көмектесті
Ақпан айының бесі күні Аягөздегі екі қабатты тұрғын үй өртеніп, осы жерде мекен етіп жатқан он отбасы баспанасыз қалды. Қыстың көзі қырауда далада қалған жанұялар қазір туған-туыстарының пәтерлеріне көшіріліп, кейбіріне уақытша баспана қарастырылды.
Халқымыздың қиындық қыспағында қалған жандарға қашан да көмек қолын созатыны белгілі. Бұл жолы да аудан әкімі Бақытжан Байахметов осындағы кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар мен ұйым, мекеме, бөлім басшыларының басын қосып, төтенше жағдайға байланысты көмек көрсету штабы құрылды. Оның басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Сейілбек Ибраев сайланды.
-Зардап шеккендерге алдымен 330 мың теңгеге ыдыс-аяқтар алынып беріліп, мектеп оқушылары оқулықтармен қамтамасыз етілді. Ірі-ірі мекемелер мен кәсіпорындарға қайырымдылық жәшіктері қойылып, қаржы жиналуда,-дейді Сейілбек Ибраев. – Барлық мемлекеттік мекемелер бір күндік жалақыларын аударды. Қазір комиссия құрамында 14 адам бар. Өрттен зардап шеккен жандарға тез арада қол ұшын беру мақсатында «Аягөз – Болашақ» деп аталатын есепшот ашылды. Жерлесіміз, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов келіп, үйі өртенген азаматтармен кездесті. Сондай-ақ, аталмыш есепшотқа сол күні 500 мың теңге қаржы аударды.
Бүгінгі күні аудан тұрғындары мүмкіндігінше киім-кешек, азық-түлікпен қолдау көрсетуде.
Қайырымдылық жасап, көмек қолын созамын деушілер болса, «Аягөз-Болашақ» есепшоты мынадай:
ОФ «Аягөз-Болашақ»
БИН 110740000641
БИК KZKOKZKX
КБЕ 18
Ағымдағы шот: KZ279260301178000004 вKZTв «Казкоммерцбанк» АҚ филиалы.
Берікхан ТАЙЖІГІТ