Қоғам

Баспанамен қамту – басты назарда

Алтай ауданында тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі ойдағыдай шешімін табуда.

– Мәселен, 2018 жылы аудан орталығындағы Рудный көшесі мен 10-шағын ауданда 60 пәтерлі тұрғын үйлер салынып, жаңа баспаналардың кілттері көпбалалы отбасыларға, жетімдер мен зейнеткерлерге, I және II топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар мен толық емес отбасыларға берілген болатын, – дейді Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов.

Аудан басшысының айтуынша, 2020 жылы Алтайда облыс басшылығының тапсырмасы бойынша және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бір қабатты 14 жеке тұрғын үй салынған.

Биыл да ауданда тұрғын үй құрылысы қызып тұр. Әкімдіктен хабарлағандай, алдағы уақытта «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша Алтай қаласында 20 жеке тұрғын үй, Серебрянкада бес бір қабатты үй мен Жаңа Бұқтырма кентінде бес коттедж салынып бітеді. Сонымен қатар Алтай қаласындағы Рудный көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button