COVID-19 ТОП

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
№ 4-3
ҚАУЛЫ

2021 жылғы 06 наурыз Өскемен қаласы

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Е. Слямгазина,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы № 5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10 қаулыларын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы– 3,6%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,851 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына келесідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 07 наурыздан бастап 20 наурызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;
2) 2-тармақтың 8) тармақшасындағы «профилактикалық мақсатта» деген бөлімі келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
«- медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практика басталар алдында»;
3) 4-тармақтың 9) тармақшасындағы «кезекші топтарды қоспағанда, балалар мектепке дейінгі мекемелерінің қызметіне» деген сөз тіркесі алынып тасталсын, 9- тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«9) Банкет залдарының жұмыс істеуі.
Банкет залдарына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30% – ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде тек жерлеу рәсімдерін (еске алу) өткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі»;
4) 8- тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8. Қолданыстағы жұмыс режимі мыналар үшін сақталсын:
6) мектепке дейінгі балалар ұйымдары:
– міндетті түрде таңертеңгі сүзгіні өткізу, персоналдың маскалық режимді сақтауы, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды жүргізбеу, ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерге әкелетін адамдардың кіруіне рұқсат бермеу»;
5) 9- тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«9. Санитариялық қағидалар мен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған кезде:
4) оқытудың келесі форматы:
– дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін оқыту;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқыту;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерін сақтау);
– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
– колледждердің, жоғары оқу орындарының I курс студенттерін штаттық оқыту жалғастырылсын».
2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 07 наурыздан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері С.Е. Слямгазина

Осы айдарда

Back to top button